Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2018

Қазақстанда 2,7 млрд теңге сомаға гепатитке қарсы 6 перепарат сатып алынады

Препараттар 2018 жылға бірыңғай дистрибьютор жүйесі арқылы сатып алынады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылға қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2,7 млрд теңге сомаға вирустық гепатитті емдеу үшін 5 препараттың атауы және В вирустық гепатитіне қарсы вакцина бірыңғай дистрибьютор жүйесі арқылы сатып алынады.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ауру ретінде вирустық гепатиттің емделуіне көп көңіл бөлінуде. Осы ауруларды емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі 2018 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.

Вирустық гепатиттің емі үшін Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препарттарын сатып алады. 2018 жылы Тенофовир препараты вирустық гепатитті емдеу үшін сатып алынады және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен жеткізілім туралы шарттың шеңберінде жеткізілетінін айта кетейік.

Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир жаңа атаулары енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін және оның ауыр зардаптары, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз