«Былтыр біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бағдарламалық құжат қабылдадық. Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс немесе ішкі саясатта ғана емес, сонымен қатар экономика, өскелең ұрпаққа тәрбие беру және басқа да барлық салаларда қамтамасыз етілуге тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу және өңірдегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.