Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2018

ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

2016 жылдың қараша айынан қазіргі таңға дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Дмитрий Васильевич Голобурда ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылып, Министр бұйрығымен ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Дмитрий Голобурда 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін ҚР ӘМ Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеген. 2009-2012 жылдар аралығында "Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Ол 2012-2014 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметі директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2014 жылдың сәуірінен бастап тамыз айына дейін – ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары; 2014-2016 жылдар аралығында – ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары; 2016 жылдың қараша айынан қазіргі таңға дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарған.

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз