Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2018

Қазақстанның құрылыс секторына Еурокодтарды енгізу кезеңі аяқталып қалды

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төраға орынбасары Бейбіт Шаханов Мемлекет басшысының Жолдауының бесінші бағытын іске асыру аясында құрылыс пен коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

 Бейбіт Шаханов айтып өткендей, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында құрылыстың жаңа әдістерін және жобалаудың басқа да тәсілдерін қолдану қарастырылған. Аталған бағытта Еурокодтарды енгізу және нормативтік базаны жетілдіру кезеңі аяқталып қалды, бұл шетелдік инвесторлар үшін кедергіні алып тастауға мүмкіндік береді, және әлдеқайда жоғары сенімділік пен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл сондай-ақ инновациялық технологиялар мен заманауи материалдарды енгізу мен қолдану үшін қажет.
«Біз БИМ-технологияларды енгіземіз (ескерт. – ғимараттың ақпараттық үлгісі (building information modeling), ол барлық кезеңдерде құрылыс нысандарын басқаруға мүмкіндік береді: жобалау, құрылыс және пайдалануға беру. Бұл жаңашылдықтың артықшылықтарының бірі энергиятиімді жобалауды қолдану, яғни жобалау кезеңінде біз нысанның пайдалануға беру шығындарын біліп отырамыз», - деді Бейбіт Шаханов.
Қазіргі уақытта құрылыс саласын цифрландыру аясында сараптамадан өткен жағдайда жобалық-сметалық құжаттаманы 100% электронды қабылдау қарастырылған.
«Біз қалада үй салуды жоспарлаудағы жаңа тәсілдердің бірін қарасытармыз, ол қалалардың толық жоспарлауын жасаған кезде бірыңғай сәулеттік стильді енгізуді көздейді. Бұл қалаларды тиімді жоспарлауға, салуға және рұқсат рәсімдері кезінде бизнес үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деп сендірді Бейбіт Шаханов.
Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төраға орынбасары Бейбіт Шаханов сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді, ол іске қосылғалы бері рекордтық 11,2 млн ш. метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 100,8 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мүмкіндігіне ие болды. Оның айтуынша, мұндай көрсеткіштерге барлық мүмкін құралдарды, оның ішінде тұрғындардың көбісі үшін тұрғын үйді қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтары жүйесін, субсидияланған ипотека және ЕДБ қарыздарын тарта отырып, тұрғын үй саясатын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді.
«Аталған тетіктер оң нәтиже берді және жекеменшік банктердің несие беруінің 24,7% ұлғаюына алып келді (ескерт. – 73 млрд-тан 91 млрд теңгеге дейін). Банк секторын жандандыру несие берудің жыл сайынғы көлемін 380 млрд теңгеге дейін және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының экономикалық белсенді халқына үлесін 12% дейін арттыруға алып келеді. Жалпы соңғы 10 жылда тұрғын үймен қамтамасыз етілгендік бір тұрғынға 30% өсіп, 21,6 ш. м-ге жетті. Мемлекет басшысының Жолдауында аталған көрсеткішті 2030 жылы 30 ш. м-ге дейін жеткізу міндеті тұр», - деп атап өтті Бейбіт Шаханов.
Комитеттің басымдықты міндеттерінің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бейбіт Шаханов келтірген мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы республикалық бюджеттен 164 жобаны іске асыруға 55,8 млрд теңге бөлінді (ауылдарда - 35,1 млрд теңгеге 134 жоба, қалаларда - 20,7 млрд теңгеге 30 жоба). Осының арқасында шамамен 2700 км желі салынып, жөнделді, орталықтандырылған сумен қамтумен қосымша 184 мыңнан астам адам қамтамасыз етілді. Оған қоса, орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік қалаларда 93,8 %, ауылдарда 57,4 % құрады. 2018 жылға арналған бюджетте 193 жобаны іске асыруға 67,9 млрд теңге қарастырылған (ауылдарда - 45,2 млрд теңгеге 153 жоба, қалаларда – 22,7 млрд теңгеге 40 жоба), бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17,6% артық. Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділікті 59%-ға дейін және қалаларда 94%-ға дейін арттыру жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ауылдарды сумен қамтуға барлық көздерден қаржыландыруды жыл сайын 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл сектордың даму қарқынын арттыруға және тұрғындардың көбісін ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

862 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз