Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Наурыз, 2018

Астанада Президенттің қатысуымен мерекелік шара өтіп жатыр

Астанада Наурыз мейрамы алғаш рет «ЭКСПО» туристік аймағында тойланады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында «Нұрлы әлем» - «Болашақ энергиясы» музейінің іргесінде киіз үйлер тігіліп, қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптейтін театрландырылған қойылымдар өткізіледі. Сондай-ақ мұнда ұлттық ойындар ойнатылып, көпшілік назарына қолөнер бұйымдары ұсынылады.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі әншілер өнер көрсетеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, қонақтарға ыстық бауырсақ пен наурыз көже беріледі.

614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз