Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2018

ТМД президенттері қыркүйекте Душанбе қаласында бас қосады

ТМД президенттері қыркүйекте Душанбе қаласында бас қосады.

Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысынан кейін мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.

  «Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысын 27 қыркүйек күні Душанбеде - ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында өткізу туралы шешім қабылданды», - деді Сергей Лебедев.

Оның айтуынша, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің сыртқы істер министрлері халықаралық күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз