Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2018

Ұлттық рухтың жыршысы Дидахмет Әшімханұлының үш томдығы жарыққа шықты

Бүгін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімханұлының үш томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Бұл үштомдықтың алғашқысы «Тасқала» деп аталып, оған қаламгердің повестер мен әңгімелер жинағы енген. «Ақшоқы» аталған екінші томына әңгімелері мен әдеби эсселері және публицистикалық мақалалары енгізілген. Үшінші томдыққа әр жылдары аударылған әлем әдебиеті классиктері  Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы мен «Күмән» әңгімесі және Джек Голсуорсидің «Девондық адам» атты новелласы кірген.

 Шарада Дидахмет Әшімханұлының үзеңкілес достары – Нұрдәулет Ақыш, Әлібек Асқаров, Нағашыбек Қапалбеков, Қуандық Түменбайұлы, Еркін Нұразхан, Нұртөре Жүсіптер Дидағаңның азаматтығы мен шығармашылығы туралы көптеген естеліктер айтты.

Нұрдәулет Ақыш, жазушы:

         - 70-ші жылдары біздің қатарымыздағы бір топ талантты жастар әдебиетке араласа бастады. Солардың ішінде Дидахмет Әшімханұлы өзінің жазу стилімен, ойының өрнекті образдылығымен көзге ерекше түсті. Оның ерекшелігі жайында мен мынаны айтар едім. Біріншіден, ол кісі ойды түйіп айтады. Әрбір шығармасында тағылым бар. Ой бар. Екіншіден, көркем әдебиеттің өзегі көркем тіл десек, Дидахмет Әшімханұлы соны алғашқы тырнақалды туындысынан-ақ жете меңгерген жазушы.

Жасұлан НАУРЫЗАЛИЕВ

1520 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз