Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Мамыр, 2018

Хакерлер құпия сандар арқылы жеке мәліметтерді біліп отырады

Epicenter компаниясы жасаған құпия цифрлар  нарыққа енген бері  100-ге жуық компанияның 2000-дей қызметкері ағзасына жасырын сандар орнатқызды. Күнделікті өмірде  кнопкаларды баса салу жылдам жүзеге асады. Қызмет пен жүргізушілік куәлікті алып жүрудің қажеті жоқ. Саусақпен  жазба кодты енгізсеңіз бәрі  қиялдағыдай орындалады. Ал құпия кодты ағзасына орнатқандар көлігі мен баспананың кілті, банктің электронды карталарын жанына сақтайды. Жаңа технологияның жетістігін көре бастағандар солай айтады. Құпия  цифрларды жасаған Epicenter компаниясының өкілі Патрик Местертон алғаш өз ағзасына орнатып, тәжірбиеден өткізген. Оның айтуынша, цифрлар арқылы жеке мәліметті электронды карта мен  смартфонсыз сақтауға болады. Ал  Стокгольм Каролинск Институтының микробиолог маманы Бен Либбертон «Хакерлер ағзаңыздағы код арқылы жеке мәліметті біліп отырады. Ол ұялы телефонға ұқсамайды. Одан да тез жүзеге асады. «Сіздің жасырын әрекеттеріңіз, денсаулық жағдайыңыз,  тіпті тазалық бөлмеге неше рет кіргеніңіз, жұмысқа барып қайтқан уақытыңыз, үйге жеткен кезіңіз бәрін көрсетіп береді»,-деп наразылығын білдірді.Алайда цифр орнатқан адамдар әлі шағым жасамапты.

688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз