Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Мамыр, 2018

Бельгия соты Ұлттық қордың 21,5 млрд долларына шектеуді алып тастады

Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты ҚР Ұлттық қор активтерінің шамамен 21,5 миллиард доллар сомасына алдын ала тыйым салуды жойып, 530 миллион доллар көлеміндегі қалған қаражатты шектеуді ағылшын соттарында алып тастауға болады деген шешімге келді

2010 жылы Қазақстанға қарсы талап-арыздарды бастаған екі молдован кәсіпкер Анатол және Габриэль Стати Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап етті, алайда оларға 500 миллион доллар ұйғарылды. Осы қаражаттың ішінен 199 миллион доллар газ өңдеу зауыты құрылысына кеткен шығындармен байланысты болған тәрізді.
Кейіннен, АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгендігі жөнінде дәлелдер алды. Швеция төрелік шешімнің күшін жоймай және алаяқтық фактісін есепке алмағанына қарамастан, Англияның Жоғары соты ұсынылған дәлелдерді қарастырды. Былтыр маусым айында төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы дәлелдер бар деген қорытындыға келіп, сәйкесінше ағымдағы жылы қазан айына алаяқтықтың мәні бойынша тыңдау өткізуді белгіледі. Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард долларынан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салынып, бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі.
Бельгиялық сот уақытша тыйым салу Статидің талаптары мен шығындарының сомасымен ғана, атап айтқанда 530 миллион доллармен шектелуі керек деп ұйғара отырып. Бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі шамамен 21,5 миллиард доллар мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі. Бұдан басқа бельгиялық соттың ұйғаруынша, тыйым салу үшін негіздің бар-жоқтығын нақ ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін Англияда тиісті әрекеттер қабылдайтын болады.
«Тыйым салынатын қаражатты ұлғайту және бұл ретте үшінші тұлғаларды қамтуға бағытталған Статидің стратегиясына сызат түсті. Статидің стратегиясы бастапқыда елімізге қысым көрсетуге бағытталған», - дейді Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев.
Бельгиялық шешім Стати алаяқтық туралы дәлелдемелер қарастырылатын сот талқылауын аяқтай алмай, Англияда ірі жеңіліске ұшырағаннан кейін бір апта өткен соң шықты.
Стати Англиядағы сот талқылауларын қазақстандық активтерге тыйым салуға қол жеткізу үшін бастады. Алайда сот алаяқтық дәлелдемелеріне қызығушылық таныта бастағанда-ақ олар істі тоқтатуға талпынды. Өткен аптада сот талқылауын кейінге қалдыруға тырысты. Себебі бұдан былай олар өз құқықтарын өздері қорғамақ. Өйткені олардың адвокаттары King and Spalding бірнеше күн бұрын олардың құқықтарын қорғауды тоқтатты.
Лондондық сот оның орнына сот талқылауы қазан айында жалғасуы керек деп шешті және Қазақстанға сот шығындарын төлеуді ұйғарды.

470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз