Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 19 Шілде, 2018

Тарихи атаулар неге бұрмаланады?

Топонимика ғылымында атауды бір тілден екінші тілге берудің екі жолы бар. Бірінші – транскрипция әдісі. Бұл әдіс бойынша атау берген халықтың ауызша айтылған атауын қабылдаушы халық өзінің естуі бойынша қабылдап, өз тілінің ережесіне сәйкестендіріп қолданады.

Осы әдіс бойынша орысша Коряков сөзі қазақ тілінде коряку – кереку болып өзгерген. Мысалы, біздің Уәлиімізді орыстар – Вали, Уәлихановымызды – ­Валиханов деген сияқты. Атауды бір тілден екінші тілге берудің екінші жолы – транслитерация. Бұл әдіс бойынша атау берген халықтың атауын қабылдаушы халық өзінің қарпімен, бір қарпін өзгертпей қатесіз дұрыс береді (Коряков – Коряков деп). Біз қазір тарихи жер-cу, елді мекен атау­ларының орыс тілінде бұрмаланған түр­ле­рінен құтыла алмай жүргенде, қазақ­ша бұрмаланған орыс атауын өндіріс­ті қалаға қайта береміз деуіміз барып тұрған білімсіздік. ҰҒА География институты 2003-2010 жылдары Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорымен» бірлесіп 32 томдық «Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемле­кеттік каталогын» барлық облыстар бойынша қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарды. Каталогқа кірген орфографиялық обьектілердің 7,7 мыңы, яғни ­23,9%-ы, гидрографиялық объектілердің 8,0 мыңы, яғни 31,0%-ы осы еңбек басылып шыққанға дейін орыс тілінде қате бұрмаланып айтылып және жазылып қолданылып келді. Мысалы, Ертіс – Иртыш (дұрысы Ертис), Есіл – Ишим (Есиль), Іле – Или (Иле), Шынғырлау – Утва (Шынгырлау), Көкшетау тау­лары – Кокчетавские горы (Кокшетауские горы), Ерейментау тауы – Ермантауские горы (Ерейментауские горы), Қызыларай тауы – Кзылрайские горы (Кызыларайские горы), Қарағанды қаласы – город Караганда (г.Караганды) және т.б. Каталогта осы сияқты орыс тілінде транслитерациясы мен транскрипциясы бұрмаланған мыңдаған тарихи атаулар түзетілді, көптеген байырғы атаулардың тарихи атаулары қалпына келтірілді. Өкініштісі, әлі күнге дейін бұрынғы қалыптасқан ескі дәстүр бойынша орыс тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген тарихи географиялық атаулар баяғы бұрмаланған түрінде қолданылып келеді.

С.Әбдірахманов, ҰҒА География институтының аға ғылыми қызметкері

1544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз