Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 17 Қыркүйек, 2018

Жансая Әбдімәлікпен интерактивті кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде шаxмат бойынша әлем чемпионы Жансая Әбдімәлікпен интерактивті кездесу өтті. Бұл туралы Алматы қаласы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының  Жобалық офисі хабарлайды.

Жансая 8 жасында әлем чемпионы атағын иемденді; 13 жасында Анатолий Карповпен ойнап, бір партияны жеңіп алды. Қазір Жансая 18 жаста, ол 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ең үздік шаxмат ойыншысы болып саналады. Кездесу барысында Жансая өзінің өмір тариxы, жетістіктерінің құпиясымен бөлісіп, шаxмат ойынының оның өміріндегі алатын орны, ата-анасының қолдауы, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор үлестерін қосқандығы жайлы әңгімелеп берді. Жансаяның есімі арқылы бүгінде еліміз жайлы өзге елдер біліп, тани бастады. Талантты жасқа еліктеп, оның талабын бағалайтын жастар Жансаяға көңілде жүрген сұрақтарын қойып, қызықты әңгіме-дүкен құрды.

2633 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз