Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Қазан, 2018

Жоспарланған жылу желілерін қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Исахов Мақсұт Пернебайұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, жылыту маусымына дайындық кезінде жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу кезеңінде 1757 ақау анықталды, бүгінгі күні қалған 56 ақауды жою керек (1701-і жойылды). Аталған жұмыстар 2018 жылдың 5 қазанына дейін толық аяқталатын болады, содан кейін циркуляция режимі іске қосылады.

2018 жылы жоспарланған 13,2 км-дің (8,2 млрд. теңге сомасына) 10,5 км-і орындалды. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Төле би даңғылының бойындағы (ТМ-12 және ТМ-4в) жұмыстар көлемінің қысқаруына байланысты 2,7 км-і 2019 жылға өтті.

2017- 2018 жылдардан өтетін 6,5 км-дің сомасы – 3 млрд. теңге. «Нұрлы Жол» бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына ұзындығы 2,2 км; «ЭжКШБ» КММ қаражаты есебінен 1,6 млрд. теңге сомасына ұзындығы 3,9 км; «АлЖЖ» ЖШС (ФЭО) бағдарламасы бойынша 148,5 млн. теңге сомасына ұзындығы 0,4 км.

2018 жылы «Нұрлы Жол» бойынша 4,2 млрд. теңге сомасына 4,3 км; инвестициялық бағдарлама бойынша «АлЖЖ» ЖШС қаражаты есебінен 889,4 млн. теңге сомасына ұзындығы 2,3 км.

1123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз