Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қараша, 2018

Түлкібас ауданында «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасының тобы семинар өткізді

Түлкібас ауданына «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша көпшілікпен талқылау мақсатында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» бас директорының кеңесшісі - Оразкүл Асанғазы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы және Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Ағабекова Жазира Ағабекқызы жұмыс сапармен келіп, аудан тұрғындарына семинар өткізді. Симинар барысында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының кеңесшісі – Оразкүл Асанғазықызы «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғы шарттары» тақырыбында баяндама жасап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинар барысында сөз алған Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Ағабекова Жазира Ағабекқызы латын әліпбиінің бекітілген мәтінің семинарға қатысушыларға толық ашып, қолданысқа ену кезеңдерін түсіндіріп өтті. Кезекті сөз алған Л.Н.Гумилов атыныдағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы Қазақ халқы тілінің тарихана тоқталып, қазақ ұл-қыздарының есімдернің дұрыс жазылуы аясында әңгіме өрбітті. Семинар пікір алмасумен жалғасып, келген қонақтарға аудан тұрғындары тарапынан семинар тақырыбына сай сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Семинарды қорытындылағын аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев келген қонақтарға өз атынан және аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, семинар өткізуге ауданға арнайы ат басын бұрып келген қонақтар мен аудан тұрғындары ауданның қол өңер шеберлерінің көрмесін тамашалады.

939 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз