Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақтардағы өкілдер
  • 14 Қараша, 2018

Төлеби ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің қабылдауында тұрғындар көкейде жүрген бірқатарәлеуметтік маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтар болсақ, әкімнің жеке қабылдауына келген төлебиліктер ауыл шаруашылығына, ауыз суға, жолға, тұрғын үй кезегіне, жер мәселесін реттеуге, білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты өтініштері мен мәселелерін айтып, ауданды дамыту бойынша ұсыныс-тілектерін білдірді. Аудан әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік беріп, тиісті мемлекеттік мекемелерге азаматтардың мәселелерін шешу үшін тапсырмалар берді.

Өңір басшысы жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады. Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Аудан тұрғындарына қосымша ақпарат алу үшін арнайы байланыс телефоны жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда тұрғындар алдын-ала 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларына болады.

1703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз