Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қараша, 2018

Наркескен: Аудармадағы түйткілдер

20 қарашада «Ұлттық кітапхананың» «Кітапхана тану» залында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының алғашқы отырысы өтті. Оның алғашқы талқысы - «Аудармағы түйткілдер» деп аталады. Қазақстан тәуелсіздігін алған 27 жылдың ішінде, қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткен 30 жылда қазақ тілінің ғылыми әлеуеті қаншалықты артты? Қазақ тілінің термин жасау мүмкіндіктері қандай? Жаңадан қабылданған терминдер көпшіліктің көңілінен шыға ма? Аударма жасау барысында аудармашылар қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болады? Бүгінгі отырыстың талқысына түскен мәселе осы болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы Kazgazeta.kz веб-сайтының редакторы Есенгүл Кәпқызы «Ұлттық аударма бюросының» редакторы Есей Жеңісұлы Дөңгелек үстелге А. Байтұрсынұлы атындағы Тілі білімі институты директорының орынбасары Сәрсен Құлманов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма және филология» факультетінің деканы Бағлан Мизамхан, «Мемлекеттік тілді дамыту» институтының атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек, «Ұлттық аударма бюросының» қызметкерлері, белгілі журналистер, редакторлар Сәкен Сыбанбай мен Есей Жеңісұлы және т.б. аударма мәселесімен шұғылданып жүрген мамандар қатысып,  аудармадағы қазіргі негізгі проблемалар мен түйткілдер, термин қалыптастырудағы қиындықтар жайлы өз пікірлерін ортаға салды. [caption id="attachment_76575" align="aligncenter" width="2551"] Философия ғылымдарының докторы Сапар Оспанов[/caption] [caption id="attachment_76566" align="alignnone" width="2551"] Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма және филология» факультетінің деканы Бағлан Мизамхан[/caption] Былтырдан бері, «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа гуманитарлық оқулық» бастамасы басталып, біраз кітаптың аударылып жатқаны мәлім. Жиынға қатысушылар аудармаға қатысты көптеген түйткілдерді атады. Соның бастыларына тоқталар болсақ, соңғы 30 жылда терминдердің бірізге түспеуі, сөздіктердің қалыптаспауы, Терминком бекіткен терминдердің жалпыхалықтық сипатқа ие болмауы, т.т. мәселелер әлі күн тәртібінде тұр екен.  Қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттыру үшін істелер іс әлі де көп. Ең әуелі істі жүйелеу мақсатында «Ұлттық аударма институты» құрылу керек деген идеялар айтылды. Солдан - оңға қарай, "Ана тілі" ұлт газеті, Бас редактордың орынбасары Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ және "Түркістан" Халықаралық газетінің журналисті  Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН [caption id="attachment_76579" align="alignnone" width="2551"] Ғалым, тарихшы Жігер Жанәбіл[/caption] Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма және филология» факультетінің деканы  Бағлан Мизамхан ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің оқытушысы Молдахан КӘРІПБАЙҰЛЫ «Мемлекеттік тілді дамыту» институтының атқарушы директоры  Бижомарт ҚАПАЛБЕК  kieli7su.kz  сайтының Бас редакторы - Земфира Ержан ҚР Ұлттық кітапханасы қызметкері  [caption id="attachment_76578" align="alignnone" width="2551"] "Қазақстан-Zaman" газетінің жауапты хатшысы Бауыржан Карипоов[/caption]

 

 

ТОЛЫҒЫРАҚ, «АНА  ТІЛІ» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ САНЫНАН ОҚИ АЛАСЫЗДАР.

Бейнематериалды əзірлеген: Əлихан Жанарбек

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы

4346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз