Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 28 Қаңтар, 2019

Қатты аязға байланысты Астана, Қостанай, Павлодар, Көкшетау және Шығыс Қазақстан облысының бірнеше мектептерінде сабақ болмайды

28-қаңтар күні Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 29-қаңтарда Павлодар, Қарағанды облыстарында температура күр төмендеп, 30-35, кей жерлерінде 38 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.

28-қаңтар күні түнде Қостанай облысында сынап бағанасы күрт төмендеп, 28-33, кей жерлерінде 35 градус аяз болуы ықтимал.

28-29-қаңтар күндері аралығында түнгі уақытта Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы төмендеп, 28-33, кей жерлерінде 37-42 градус аяз болады.

"28 қаңтар күні -30 градус аязға байланысты 0-9 сыныптарда сабақ болмайды", - делінген Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінде.

Қостанай қаласының білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 28 қаңтар сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, облыс орталығында термометр -27 градусты көрсетіп тұрды. Осыған орай бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Павлодар қаласының білім басқармасы -31 градус аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтарды тоқтатты. Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекенінде таңертеңгі кезекшіліктегі оқушылар оқымайды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-28°С) 1-4 оқушылары, Семейде (-29°С) 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері, Риддерде (-32°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері сабаққа бармайды. Сонымен қатар, Алтай ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Шемонайха ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Аягөз ауданында (-28°С) 1-9 сыныптар, Бородулиха ауданында (-33°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері, Абай ауданында (-29°С) 1-4 сыныптар оқымайды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарда сабақ болмайды.

 

1012 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз