Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қаңтар, 2019

Астана ақылды қалалардың рейтингіне енді

Астана қаласын зерттеу нәтижелері бойынша елорданың жетілу деңгейі - 2.48 балды құрады. Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат отырысында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. ​«Біздің басқарма IDC (International Data Corporation) агенттігімен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің салалық басқармаларын экономика, көлік, қоршаған орта, қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша, Астана қаласы «ақылды» қалалардың халықаралық рейтингіне енгізілді. Астана қаласын зерттеу нәтижелері бойынша елордамыздың жетілу деңгейі - 2.48 балды құрады», - деді Әбдіқадыров. Басқарма басшысы әлемнің кейбір қалаларының жетілу деңгейі: Сингапур - 4.4, Нью-Йорк - 3.7, Дубай - 3.6, Барселона - 3.2, Мәскеу - 3.1 екенін атап өтті.   «Сонымен қатар, Астана қаласы Орталық Азияда осы үлгі бойынша зерттелген және Smart City кемел бағасын алған алғашқы қала болды», - деп атап өтті.

 

893 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз