Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қаңтар, 2019

Атырау облысында бірқатар білім мен мәдениет мекемелерінің атаулары өзгерді

30 қаңтар 2019 жылы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Атырау облыстық бірқатар білім және мәдениет мекемелерінің атауларын өзгерту туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы жарияланды. Қаулы алғаш ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, -деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Исатай ауданында мектеп пен мәдениет үйінің атауы ауысты. «Чапаев атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектеп» енді қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың есімімен аталатын болады. Ұлы ақынның туындылары көптеген тілдерге аударылған. Қытай, Ұлыбритания, Чехия, Словакия секілді елдерге Жамбылдың өлеңдері таныс. Оны шын мәніндегі халық ақыны деп атауға негіз бар. Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйі енді «Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі» деп аталады. Көрнекті қоғам қайраткері, өнер майталманы Нариман Үлкенбайұлы қазақ мәдениетіне, театр өнеріне ерекше еңбек сіңірді. 60 жылдары Аққыстау поселкесінде ашылған драма үйірмесінде қойылымдарда ойнаған. 1968 жылы Аққыстау мәдениет үйінің басшысы және аудандық халық театрының көркемдік жетекшісі болды. 2000 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейін басқарып, оның дамуына үлкен үлес қосты. Махамбет ауданындағы Чкалов атындағы орта мектеп Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленді. Қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, ақын және аудармашы ретінде Ахмет Байтұрсынұлын қазақ халқы «Ұлт ұстазы» деп біледі. Индер ауданында «Гребенщик орта мектебі» атауы «Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп» болып өзгерді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбайұлы әлем әдебиетінің мол қазынасын қазақ тіліне аударуға ерекше еңбек сіңірген. Ол Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір», Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» романдарын қазақ тіліне аударды. Л.Толстайдың «Соғыс және бейбітшіл Әр жылдары халық депутаты болып сайланды, ҚР Мемлекеттік хатшысы лауазымын атқарды. Үкімет Қаулысымен «Атырау аграрлы-техникалық колледжіне Оңайбай Көшековтің есімі берілді. Мемлекет қайраткері Оңайбай Көшеков Кеңес кезінде Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ол облысты басқарған кезде Теңіз кен орны ашылып, Атырау-Ганюшкино жолы салынды, Атырау-Мақат-Құлсары, Индер-Сағыз-Миялы жолдары, Мақат-Индер темір жолы салынып, аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды. Айта кетейік, Атырау облысындағы кейбір білім мен мәдениет мекемелерінің атауларын ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына ҚР Премьер-министрі Бақытжан 24 қаңтар 2019 жылы қол қойған. Қаулы ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

1257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз