Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Ақпан, 2019

Бес баланың өмірін жалмаған өрт...

4 ақпанда Астанада жекеменшік үйде болған өрт бес баланың өмірін жалмап кетті. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.  Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясын айтып берді. Өртке оранған үйдің маңында сол отбасының туыстары болған. Олардың айтуынша, олар түнгі сағат 2-лерде балалар ұйықтап жатыр ма, жоқ па - қарап көрген. Сағат 02.34-те көршілерінен Астананың өрт сөндіру байланыс орталығына хабар келіп түскен.  "Бірден өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмылды. Екі минуттан соң барлық жедел қызмет хабардар болды - жедел жәрдем, полиция қызметкерлері. Өрт сөндірушілер 7 минутта барды", - дейді Ильин. Сағат 02.45-те өрт сөндіру барысында ағаштан жасалған бөлігі қирап кеткен. Сағат 02.53-те бес баланың мәйіті табылды. Юрий Ильиннің айтуынша, олар үйдің шатыры құлағанда балалар ес-түссіз жатқан. Сағат 03.06-да өрт ауыздықталып, сағат 03.24-те толықтай сөндірілді. "Тергеу мәліметінше, балалардың әкесі 1984 жылғы, техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Кешкі уақытта үйде от жаққан. Кейінірек оны жұмыс берушісі жедел түрде шақыртып алған. Ал анасы сол түні жұмыста түнгі ауысымда болған", - деді Ильин. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды. "Астанадағы өрттің салдарынан бес баланың қаза болғаны туралы қаралы хабар қабырғамды қайыстырды. Бұл нағыз қасірет. Қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға тиісті мемлекеттік органдарға және жалпы қоғамымызға сабақ болуы тиіс", - деді  Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. Дереккөз: tengrinews.kz

1397 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз