Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 21 Ақпан, 2019

Дархан Кәлетаев жұмыс сапарымен Атырау облысында болды

2019 жылы 20 ақпанда ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев Атырау қаласында Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың 2018 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы тұрғындар алдында есеп беру кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұмыс сапары барысында министр «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің қызметімен танысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысында 2018 жылы 135 жоба іске асырылды, 400 мың адамның қатысуымен 1 мыңнан астам іс-шара өткізілді. «Рухани жаңғыру» кіші жобалық офистері облыстың жеті ауданында, үш жоғары оқу орнында, Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім-Инновация» лицейінде құрылған.

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде, облыстық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу сапардың маңызды тармақтарының бірі болды. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының Жастар жылының ашылуында берген тапсырмаларын орындау бойынша Қоғамдық даму министрлігі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

Сондай-ақ, Д.Кәлетаев «Заңғар» және «I-SEED» жастар жобаларымен танысты. «Заңғар» жобасы Атырау жастарын оқытудың инновациялық және интерактивті бағдарламасын ұсынады. British Council ұйымы мен «Шеврон» компаниясы жүзеге асыратын «I-SEED» жобасы жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

7836 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз