Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Ақпан, 2019

Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі Петер Бурианның Қазақстанға жұмыс сапары басталды

Бүгін Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың Арнайы өкілі Петер Бурианның Қазақстанға екі күндік сапары басталды. Сапардың күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Парламенті мен Сыртқы істер министрлігіндегі екіжақты кездесулер, сондай-ақ жастарға арнайы дәріс жоспарлануда,-деп хабарлайды Kazgazeta.kz Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барасында Арнайы өкіл ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын алдағы уақытта қабылдау және Кеңейтілген әріптестік пене ынтымақтастық туралы келісімді толықтай бекітудің аясында ЕО-Қазақстан ынтымақтастығына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар тараптар саяси және экономикалық реформалар, заң үстемдігі, сауда-экономикалық қатынастар және халықаралық күн тәртібі мәселелерін қарастырады. ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңартылған стратегиясы 2007 жылғы стратегияның орнын басып, өңірдегі даму үрдістерін назарға алады.

Арнайы Өкіл Петер Буриан: «Біз ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын жаз мезгіліне дейін қабылдаймыз. Аталған Стратегия аймақтағы бірқатар оң үрдістердің арқасында туындаған ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Стратегия Орталық Азияны тұрақты, гүлденген және тығыз өзара байланысты экономикалық және саяси кеңістікке айналдыру үшін аймақпен берік қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті.

Жаңа Стратегия 2018 жылдың 18 қазанында қабылданған Еуропа мен Азия өзара ықпалдастығы бойынша ЕО Стратегиясына сәйкес өңір аралық және одан тыс аймақтарда тұрақты байланыстарды ілгерілетіп, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша саясатының өзіндік үйлесімділігін арттырады. Оған қоса ЕО жаңа стратегиясы 2021-2027 жж. арналған ЕО көмек бағдарламаларын дайындауда тұғырнаманы қамтамасыз етеді.

1721 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз