Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Ақпан, 2019

БӘЙДІБЕКТЕ ЖЫЛЫНА 70 МЛН. КІРПІШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге «Source Invest Company» ЖШС-ң бақылаушылар кеңесінің төрағасы Оралбек Ботбай қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ирандық инвестормен кездесуде аудан басшысы алдағы уақытта ынтымақтастық аясында тығыз жұмыс жасайтынын жеткізді. Өз кезегінде Ирандық Абдолреза Шохуд бастапқыда ауданға  10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, кірпіш зауытын ашып, ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. Екі жақты кездесу нәтижесінде,  Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясы және “СПК “ Түркістан АҚ филиалы арасындағы меморандум түзілді.
Аталған құжат аясында Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіндегі индустриалды аймақтан 5 га жер бөлініп, кірпіш зауытының құрылысы жүретін болады.
Айта кетерлігі, ирандық инвестор ауданнан соғылатын зауытта кірпіштің 7 түрін шығармақ. Онда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылып,  зауыттан 1 айда 4-5 млн. дана, жылына 60-70 млн. дана кірпіш өндірілетін болады. Ирандық инвестор алдағы жылы қосымша 10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып, 200 коттедждік жаңа қалашық салмақ.

720 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нұрлан Ноғаев пен Дархан Қалетаев атыраулық жастармен кездесті
Келесі мақала АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *