Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Ақпан, 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Кедергісіз келешек» атты үстел теннисі турнирі өтті

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қолдауымен Қостанайда «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі бойынша ашық облыстық турнир өтті.

«Нұр Отан» партиясы қызметін жаңғырту аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын одан әрі жанданып, тиімділігін арттыру қолға алынды. Сол арқылы ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға нақты көмек беруге басымдық беріліп отыр. Жобаның негізгі міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту. Осыған орай, жыл сайын ұйымдастырылып келетін үстел теннис додасы жыл сайын ұйымдастырылып, спортты серік етуді мақсат еткен жарымжан азаматтардың басын қосып келеді. Жылдағы турнир, « Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орайластырылды.

- Турнирге 20-дан астам жарымжан қатысуда. Топ-топқа бөлініп, түрлі санатта ойын өткізеді. Жыл өткен сайын осындай жарыстарға мүмкінді шектеулі жандар арасында қызығушылық артып келеді. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестіктердің тарапынан мұндай бастамаларды әрқашан да қолдап жүреді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қатысушылар келіп, турнирге қатысып отыр, бұл өте қуантады. Біз бұл дәстүрді жалғастырып, оны жыл сайынғы негізде өткізуге көздеп отырмыз,- дейді «Нұр Отан» партия ҚОФ саяси жұмысы бөлімінің меңгерушісі Олжас Дүйсеков.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен әйелдер санатында мықты ойын өрнегін көрсетіп, нәтижесімен еленіп жүргендердің бірі – Рауза Жолдас. Халықаралық жарыстың жүлдегері. Сәтін салса, алдағы республикалық жарыста бағын сынамақ.

- «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен өтетін дәстүрлі жарысқа жыл сайын қатысып келемін. Спортпен шұғылданғанды қатты ұнатамын. Былтырғы жылдары да мен турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болатынмын. Биыл мен бірнеше қарсыласымды жеңіп, бірінші орынды иеленген едім. Аптасына үш рет жаттығып тұрамын. Алда өтетін ел біріншілігінде облыс намысын асқақтатуды мақсат еттім,- дейді Рауза Жолдас.

«Үміт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенғали Оспанов пен Рустам Валитов жуырда БАӘ өткен әлемдік деңгейдегі айтулы жарыстан жүлделі оралды. Қос спортшы күміс алқа иеленіп, облыс қоржына бірнеше медаль салды. Айта кету керек, турнирге 20- дан астам қатысушы қатысты. Үздіктері ұйымдастырушылар дайындаған бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

1432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз