Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Ақпан, 2019

Садриддин Ахмедов ҚР Туризм елшісі атанды

«Қазақстан Республикасы Туризм елшісі» сертификатын Садридин Ахмедовке «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев табыстады, - деп хабарлайды«Kazakh Tourism» ҰК» баспасөз қызметі.

Жастар арасындағы әуесқой бокстан Әлем чемпионы (2016), Қазақстан Президенті кубогының иесі (2017) және WBC Youth World Super Welterweight «Жастар арасындағы әлем чемпионы» атағының иегері (2019) Жастар жылы аясында отандық туризмді ел ішінде және шетелде насихаттайтын болады.

Қазақстандық бокстың жаңа жұлдызына аталмыш сертификат «BEIBARYS» демалыс базасында табысталды. Бұл жерде жас спортшы атпен, қарда жүргіш көлікпен, ит жегілген арбамен серуендеу, сондай-ақ аса танымал Counter Strike компьютерлік ойынындағы дәл «de dust 2» картасының көшірмесі болатын полигонда пейнтбол ойнау секілді, және басқа белсенді демалыс мүмкіндіктерімен танысты.

Сертификат табыстау орны ретінде демалыс базасын таңдау кездейсоқ емес, себебі Садриддин елші ретінде белсенді туризм түрлерін жастар арасында насихаттайтын болады.

«Былтыр біз танымал отандастарымыз арқылы еліміздің туристік әлеуетін насихаттау мақатында Қазақстан туризмі елшілері бағдарламасын іске қосқан болатынбыз. Биыл Жастар жылының ашылу салтанаты кезінде Елбасы жастар туристік клубтарын жаңғырту қажеттілігін ерекше атап өтті. Сондықтан, жастар туризмі идеяларын насихаттау үшін біз Садриддин Ахмедовті елшіміз ретінде тартуды жөн көрдік»,деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басшысы Рашид Күзембаев.

Еске сала кетейік, танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алғашқы болып туризм елшісі атанған еді. Осыған орай былтыр Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, және кейбір Еуропа елдеріндегі жанкүйерлер мен музыка сүйер қауым арасында оның ерекше танымалдығын ескере отырып, жанкүйерлер қозғалысының 10 елден келген жетекшілерінің қатысуымен «Димаш отаны» атты алғашқы промо-тур ұйымдастырылды. Бұл турдың бағдарына үш қала: Астана – Алматы – Ақтөбе кірген болатын.

Келесі болып ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Анатолий Арцебарский, Юрий Маленченко және Юрий Батурин елшілер атанды.

Биыл туризм елшілері институты белсенді түрде кеңейтіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, елшілердің қатысуымен Қазақстан туризмін ел ішінде және шет елде насихаттау бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарда бар.

731 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Астанада үшем дүниеге келді
Келесі мақала Ақтөбе облысының әкімі тағайындалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Paycladartiggic

15 Қыркүйек, 2020

slots free free casino games <a href=" http://onlinecasinouse.com/# ">casino slots </a> free casino slot games http://onlinecasinouse.com/# - free casino slot games