Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Наурыз, 2019

Атырауда Жайық өзенінен күн сайын сынама алынады

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Жайық өзеніндегі судың жағдайына мониторинг жүргізуде, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына байланысты өткен жылдың 6 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Ұлттық сараптама орталығының зертханасында су жағдайын тексеруде.

-Жайық өзенінен және су тазарту қондырғыларынан су сынамасы алынды. Зерттеу нәтижелері алынған сулардың гигиеналық нормаларға толық сай екенін көрсетті. Су пайдалануға жарамды, - деп хабарлады Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Айгүл Ысқақова.

Маманның айтуынша, күннің жылынуына байланысты өзендегі мұз ерігендіктен су сынамасы күн сайын алынып отыр. Судың сапасы мен құрамы толық зерттеледі.

Айта кетейік, Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуы дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, оқиғаға кінәлі анықталады. Балық өнімдерінен, судан улану деректері тіркелген жоқ. Өзен мұздан толық тазартылғаннан кейін жақын күндері су айдынын тазалау жұмыстарымен арнайы жабдықтары бар балық аулау кооперативтерінің кәсіби мамандары айналысатын болады.

798 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз