Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Сәуір, 2019

Атырауда «Бекіре-2019» ірі көлемдегі балық қорғау акциясының басталуына байланысты кемелер шеруі өтті

Шеруге құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарының және шекара қызметінің 11 бірлік қайығы мен 17 шағын кемелері жұмылдырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Бекіре-2019» жыл сайынғы ірі көлемдегі балық қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған су көліктерінің шеруі 1 сәуір күні таңғы сағат 10-да Балықшы ықшам ауданынан басталып, теңізге шығар бетке дейін жалғасты. - Біз Каспий теңізінің жағалауы мен су айдындарында және Жайық және Қиғаш өзендерінің өзен ағындарында шоғырланған стационарлық және мобильді посттар, жылжымалы жолдар тобын ұйымдастырдық. Барлық инспекторларға олардың қызметіне қатысты нақты нұсқаулар берілді, содан кейін олар тұрақты орындарына барды, - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инпекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов. Айта кетейік, «Бекіре-2019» ірі көлемдегі балық қорғау акциясы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында 31 мамырға дейін жалғасады, ол Жайық-Каспий бассейнінде бекіре және басқа балық түрлерін сақтау бойынша шараларды күшейтуге бағытталған.

1069 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз