Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Мамыр, 2019

«Қазақстан халқының шығармашылығы» атты жастар фестивалі өтті

Алматы технологиялық университетінде «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай  «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған «Қазақстан халқының шығармашылығы» атты қалалық жастар фестивалі өтті. Бұл туралы "АТУ Медиа орталығы" хабарлады. Шараның негізгі мақсаты – көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, жастар арасында Отансүйгіштік сезімді арттыру және Қазақстан Республикасындағы ұлттар достастығының үлгісін көрсету. Фестиваль аясында университеттегі факультеттер театрландырылған көріністер қойып, ән мен би номинациясы бойынша өзара байқауға түсті. Байқауға Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті проректорының орынбасары Бауыржан Сержанов, «Жас Отан» ЖҚ Алматы қаласы филиалы төрағасының орынбасары Ержан Медеуов, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті Жастар саясаты бөлімнің бастығы Әлібек Қайратұлы төрағалық етті. Нәтижесінде , «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» факультеті 1-орынды иеленіп, 50 мың теңге ақшалай жүлдеге ие болды. Ал 2-3-орынды Алматы Технологиялық-экономикалық колледжі мен «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті өзара бөлісті. Фестиваль соңы АТУ студенттерінен құралған вокал үйірмесінің қатысушыларының орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды. Шараға келген көрермендер мерекелік көңіл-күймен тарасты.    

1483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз