- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 08 Мамыр, 2019
Мүсін өнері

Мүсін – ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның «Sculpere» – «қашау» деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін тілі бар. Сурет өнерінің тілі – бояулар. Суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қылып, толық мүсіндейді. Кенеп бетіндегі суретті біз ылғи бір қырынан бір қалпында ғана көреміз, ал мүсінді жан-жағынан әр қалыпта көреміз. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған бейненің мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет-әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз. Тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады.

3963 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Аяла
16 Қазан, 2020Бәрі түсінікті
Аяла
16 Қазан, 2020Бәрі түсінікті