Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2019

Бүгін-Ұлы Жеңіс күні

Бүгін Ұлы Жеңіс күні. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Екінші дүниежүзілік соғысқа 1 млн-нан астам қазақстандық қатысса, соның 600 мыңы соғыстан оралмады. Соғыс жылдарында барлығы 500 қазақстандықтар Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Қазақстаның 4 жауынгері бұл атаққа екі мәрте ие болды. Ұшқыш-штурмовиктер Т.Я.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз меделімен марапатталған қазақ қыздары – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Олардың екеуі де жүзден астам жауды жойып, шайқас үстінде қаза тапты. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бегилдинов, Әлия Молдағұлова, мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, аналарымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті. Дереккөз: zakon.kz

Фото: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1686 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз