Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Мамыр, 2019

Маңызды кездесу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.М. Имашев ағымдағы жылғы 10 сәуір мен 9 маусым аралығындағы кезеңде сайлау органдары науқанының барлық кезеңдері мен іс-әрекеттері туралы айтты. Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары және науқанның негізгі кезеңдері: ұсыну, тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сондай-ақ дауыс беру күні мәселелері қаралды. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының өкілдері 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер, соның ішінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер және т. б. туралы хабардар болды. Еліміздің ашықтық, анықтық, әділдік және бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде сайлау өткізуге бейімділігі атап өтілді.

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз