Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Мамыр, 2019

Атырауда дезинфекциялау жұмыстары төрт ауысымда жүзеге асырылады

Облыс орталығында жәндіктерге қарсы жұмыстармен 20 дезинфекторлар айналысуда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда жергілікті билік масамен күресу жұмыстарын бастады. Қала және қала маңындағы елді-мекендердегі дезинфекциялау жұмыстарымен "AG Dеsinfection Services" ЖШС айналысатын болады. Шыбын-шіркейлерді құрту жұмыстары қала көшелерінде, ашық тоғандарда, үй жертөлелерінде, саябақтарда, мәдени және демалыс орындарында және қала маңындағы елді-мекендерде жүргізіледі. - Қан сорғыш жәндіктермен күресу жұмыстарына жел мен түтін генераторлары, су тасымалдаушы көліктер мен тракторлар, сондай-ақ қараша айына дейін 4 ауысымда жұмыс істейтін 20 дезинфекторлар тартылған. Дезинфекция қаланың барлық шағын аудандарында таңертең, күндіз, кешкі және түнгі уақыттарда жүргізіледі, - деді «AG Desinfection Services » ЖШС-нің энтомологы Айнагүл Дәулетияров.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Кенжебек Камалиденовтің айтуынша, 2019 жылы шамамен 40 миллион шаршы метр аумақта масаларды жою жұмыстары жүргізілетін болады деп нақтылады.

863 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз