Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Мамыр, 2019

ҚазҰУ Түлектер күнін тойлады

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 85 жылдық мерейтойы мен Түлектер күнін атап өтті. Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды. Тұңғыш рет экс-студенттердің слеті 2014 жылы өтті, ал Түлектер күні мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бақытты студенттік кезең, өмірдегі ұмытылмас сәттер университетпен байланысты. Өткен жылдарды еске алу, көптен күткен кездесу барлығы түлектерге күш-қуат беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Түлектер студенттік жылдары туралы естеліктерін сақтап, альма-матер өмірі жайында да үнемі қызығушылық танытып, үлкен өмірге жол ашқан университетінің әрбір жетістігі мен жеңісіне бірге қуанып отырады. Университет пен түлектер қоғамдастығы арасындағы дәнекер, іс-шараның ұйытқысы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы. Қауымдастықты 1981 жылғы заң факультетінің түлегі, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мами басқарады. Төралқа құрамына Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Ақмарал Арыстанбекова, Арманжан Байтасов, Алмасадам Сәтқалиев, Нұрлан Смағұлов және т.б. белгілі тұлғалар кіреді. II Форумның іс-шараларына университет түлектері, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден серіктес жоғары оқу орындарының, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Таңғы сағат 10-да олар «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасына жиналды. Мереке меценаттардың Құрмет тақтасының тұсаукесерімен басталып, әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Содан кейін қонақтар студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жетістіктері мен дамуы туралы фотокөрмемен танысты. II Форумның салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы Серік Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева, ақын және жазушы Олжас Сүлейменов, ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов, ҚР БҒМ департаментінің директоры Әділет Тойбаев, «Astana Group» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов және басқа да белгілі түлектер сөз сөйледі. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың айтуынша, альма-матер өзінің тарихында қазақстандық элита кадрларының басты «ұстаханасы» болып табылады. Бүгінде ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне көшуде. QS жалпы танылған халықаралық рейтингте ол әлемнің 800 үздік ЖОО ішінен 220-орынға ие болып, топ-250 қатарына енді. ҚазҰУ  ең экологиялық 200 университеттердің қатарына және әлемнің  ең технологиялық дамыған 50 университеттерінің қатарына кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі және «түркі әлемінің ең үздік университеті» деп танылды. «Түлектер күнін тойлау идеясы Елбасының «Туған жер» бағдарламасымен үндеседі. Отанға деген құрмет еліне, туған  ауылы мен қаласына деген махаббаттан басталады. Өзі білім алып, студенттік шағын өткізген, альма-матерге деген ерекше ықыласы – ол да жалпыұлттық патриотизмнің ең ерекше қыры. Біз экономика, ғылым, білім, мәдениет салаларында өз үлесін қосатын түлектерімізді мақтан тұтамыз. Біздің жыл сайынғы кездесулеріміз тамаша дәстүрге айналды және бірлік пен туған университеттің даму тарихына атсалысып келетініміздің айқын көрінісіне айналды» - деп атап өтті ол. Форум аясында «Bіzdіń elıta - Наша элита» кітабының үшінші томы және альма – матер жетістіктері туралы фильм көрсетілді. Ресми іс-шаралар үлкен гала-концертпен аяқталды. Түлектер күні факультеттердегі кездесулермен жалғасып, қонақтар үшін кампус-тур ұйымдастырылды.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

4458 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз