Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Мамыр, 2019

«Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры болып Мурзамадиева Майнюра Саветовна тағайындалды.

Майнюра Саветовна Мурзамадиева 1963 жылы 20 тамызда дүниеге келген.

1985 жылы Ф.Энгельс атындағы Ленинград сауда-экономикалық институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания, АҚШ елшілігінің қызметкері ретінде қызметтер атқарды.

2007-2016 жылдары – Нидерланды Корольдігінде және Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрайымы.

1643 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз