Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Маусым, 2019

Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Марзия Тұрлыханова 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Марзия Тұрлыханова 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Instagram-да оның ұлы, грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов жазды. Марзия Тұрлыханова 1940 жылдың 16 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында туған, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, білім саласының құрметті қызметкері, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Семей облысының Жарма стансасындағы орта мектепте әдіскер қызметінен бастаған. 1988 жылы Алматыға көшіп келіп, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастайды, кейін №41 орта мектебінің директоры болды. 1994 жылы №164 көпсалалы гимназияның директоры қызметін атқарды. 1998 жылы Марзия Тұрлыханова "Болашақ" жеке орта мамандандырылған мектебін басқарды. 1999 жылы Қазақстан экологиясының академигі атағын алды, 2004 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. Марзия Тұрлыхановамен қоштасу рəсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматы қаласындағы Достық спорт сарайында өтеді.

1295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз