Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 21 Маусым, 2019

Қазақшасын мүлдем көрсетпей отырған кинотеатрлар бар!

Құрметті Актоты Раимкулова, кинотеатрларда қазақша контентті жылына 5-6 рет қана көрсетеді. Кинотеатрларда 12 жасқа дейінгі аудитория үшін қазақша дубляжды, прайм тайм уақытты міндеттеуге болар еді. Бірақ сіздер әзірлесіп биыл қабылданған "Кинематография туралы" заңдарыңызға рақмет. "Болашақ" КҚ дубляждаған (мемлекеттің бір тиыны жұмсалмай) "Ойыншықтар хикаясы" анимациялық фильмі кеше астанада 89 рет көрсетілді. Қазақша болады деген 6 сеанс мүлдем көрсетілмеді. Енді бүгін астанада осы анимациялық фильмнің 86 сеансы болады. Оның 14-і ғана қазақша. Қазақшасын мүлдем көрсетпей отырған кинотеатрлар бар! (Мәселен, Евразия Cinema7). Алматы қаласында бүгін 218 сеанс бар, оның 14-і қазақ тілінде. Қазақ тілінің қамын дәл осы жерде жеп, дәл осы мәселеде қорғасаңыз, абыройыңыз алдыңғы әріптесіңізден гөрі биігірек болар еді.

Белла Орынбетованың фейсбук парақшасынан

2597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз