Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Шілде, 2019

АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ ЕЛ АСТАНАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

7 шілде күні өтетін вело­шеруді Алматы қаласы әкім­дігі мен «Алматы спор­ты» әлеуметтік жобасы ұйым­дастыруда. Велошеру жексенбі күні сағат 8.00-де «Нұрлы тау» бизнес орталығынан бастау алады. Бағыты әл-Фараби даңғылымен Тұңғыш Президент паркіне дейін. Велошеруге қатысуға екі дөң­гелекті, экологиялық көлігі бар барлық алматылықтар шақыры­лады. Велошеру бастауында барлық қатысушыларға нөмірлер бері­леді, сол нөмірлер бойынша мәреде ұтыстар ойнатылады. Іс-шара кезінде әл-Фараби даңғылының батыс бағытында көлік қозғалысы уақытша шекте­леді.  

1130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз