Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 29 Шілде, 2019

Джиу-джитсудан турнир өтті

Алматы облысында балалар мен ересектер арасында джиу-джитсудан екі күндік ашық турнир өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Жарыс «Рухани Жаңғыру» және Жастар жылы аясында өтті. Оған 5 жастан 30 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты. Еліміздің әр аймағы мен Қырғызстаннан шығыс жекпе-жегінің қыр-сырын жетік меңгерген жастар келді. «Турнирдің бірінші күнінде 5 жастан 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Екінші күні 16 және одан үлкендер бақ сынады. Жарысқа қатысушылардың барлығы жақсы дайындықпен келген. Спортшылардың барлығы кәсіби мамандар. Араларында әртүрлі чемпионаттардың жеңімпаздары да бар. Жалпы, бұл турнир алдыңғы турнирлермен салыстырғанда ерекше болды деп санаймын, өйткені жас қатысушылардың саны артып келеді. Яғни, бұл Қазақстанда джиу-джитсудың белсенді дамып келе жатқандығын көрсетеді», - дейді «Sagadat batyr -QTT» клубының бас жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл чемпиондардың басым бөлігі Іле ауданындағы кәсіпқой спорт клубының тәрбиеленушілері. Қазіргі таңда 500-ге жуық қыз бен жігіт бірнеше клубта шеберліктерін шыңдап жатыр. Олар әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

«Бұл турнирге ерекше көңіл бөлдік. Қазіргі таңда джиу-джитсу спортына деген сұраныс зор. Аудан жастарына дән риза болдым. Біздің мақсатымыз елімізде осы спорт түрін дамыту. Алдағы уақытта осындай ауқымды турнирлер көп болады деген ойдамын» -дейді, «Sagadat batyr - QTT» клубының президенті Ерболат Тұрымбетов. Айта кетейік, бұл турнир «Sagadat batyr – QTT» клубы мен Іле аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қолдауымен өтті.

6195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз