Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 01 Тамыз, 2019

Доллардың құны 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?

Сарапшылар жыл соңында экономикалық дағдарыс болады деген болжам жасап отыр. Тиісінше, ол жергілікті валютаның әлсіреуіне ықпал етуі мүмкін. Шілде айында қатты өзгеріске ұшырамаған доллар бағамы тамызда да өз құнын ұстап қалуы мүмкін. Егер 1 доллардың құны 400 теңгеге дейін жетсе, ол қарапайым халықтың әлеуметтік ахуалына әжептәуір кері ықпал етпек. Сол себепті де, Ұлттық банк доллардың құлдырап кетуіне жол бермеуге тырысады. Дегенмен, доллар бағамының 400 теңгеге жетпеуіне ықпал ететін факторлар да жеткілікті. Ол мұнай бағамының әлемдік нарықта жоғары болуы және жоғары сұранысқа ие екендігі. Сарапшылар жыл соңына қарай Brent мұнайының баррелі 67 $ долларға жететіндігін және 2020 жылы осы бағада тұрақтайтынын айтады. Сондай-ақ, энергоресурстарға деген сұраныс та күрт артпақ. Мәселен, әлем күніне 1,1 миллион баррель мұнай тұтынатын болады дейді қаржы сарапшылары. Сонымен шілденің басында доллардың теңгеге шаққандағы құны - 380,53 болды. Шілде бойы доллар бес теңгеге  қымбаттаған, 31 шілдеде доллар бағамы - 384,56 теңгеге жеткен. Халықтың долларға деген сұранысы да ерен болып тұрғанға ұқсайды. Бұны мамандар жазғы демалыс маусымымен байланыстырады. 2019 жылдың соңына дейін доллардың құны 385-390 айналасында болады деген болжам бар. Осы болжам расқа айналатын түрі бар. Керісінше, ағылшын фунтының құны түсіп барады. Жылдың басында бір фунттың теңгеге шаққандағы құны 500 теңге болса, қазір ол 470 теңгеге дейін құлдыраған. Назарларыңызға шілде айындағы доллар бағамының динамикасы мен доллар, еуро, ағылшын фунты, рубль және қытай юанінің алты айдағы теңгеге шаққандағы құнын ұсынамыз.  

Есен Байнұр.

7714 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз