Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 19 Қыркүйек, 2019

Бердібек Сапарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге келді

Алматыға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтіп жатқан  «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты халықаралық конференцияға қатысты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

Бердібек Сапарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі ІТ паркті, процестік инновациялар орталығын,Тұңғыш Президент залын, «Ұлы даланың жеті қыры» музейін, сирек кездесетін жазбалар мен кітаптар қорын және әл-Фараби музейін аралады. Оқу орны өздерінің маңызды ғылыми жобасы - сөйлесе алатын QazBot интеллектуалдық құлтемірін таныстырды.

«Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның бірден бір білімді азаматтарына байланысты. Бүгінгі жиында айтылатын ұсыныстар, жаңалықтар осы Қазақстан білімінің дамуына өз әсерін тигізеді деген ойдамыз. Осындай жиынды ұйымдастырып отырған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне алғыс айтамыз», - деді Б.Сапарбаев. Сондай-ақ, вице-министр халықаралық конференцияның ашылу салтанатында шараға қатысушыларына Асқар Маминнің құттықтау хатын оқыды.

 

836 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз