Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 16 Қазан, 2019

Әлемдегі таңғажайып 5 кітапхана

Пекиндегі Қытай Ұлттық кітапханасы

Кітапхана жинақтамасында шамамен 30 миллион кітап сақталған. Бұл Азиядағы кітап сақтауға арналған ең үлкен орын. Кез-келген оқырманды кітаптар топтамасы ғана емес, кітапхана ғимараты да таң қалдырары анық. Оқырман залы 4 деңгейге бөлінген. Мұнда әрдайым студент жастармен қатар, кітап оқуды жаны сүйетін, әрі білімін жетілдіргісі келетін қарапайым  адамдар да көп. Ғимаратта тыныштық сақтауға қатаң талап орнатылған. Сондықтан оқырмандарға тіпті сыбырласуға да тыйым салынған.

Прагадағы Чехия республикасының Ұлттық кітапханасы

Кітапхана сонау 1722 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол кездегі ғимарат барокко стилінде салынған болатын. Көркем әдебиеттің басым бөлігі дін ілімі мен медицина саласынан. Яғни 200 мыңнан астам кітап. Мұнда ұлттық кітапхананың ішкі көрінісін тамашалауға туристер жиі бас сұғады.  Кітапхана төбесінде ғылым мен көркемөнер шығармалары негізінде әдемі қабырға суреттері салынған.  Туристердің басым бөлігін алтынмен жалатылған глобустар қызықтырады.

Рио-де-Жанейродағы Португалиялық корольдік кітапхана

Кітапхананың негізін Португалиялық эмигранттар қалаған. 1837 жылы іргетасы қаланғанымен, кітапхана 50 жылдан кейін ғана ресми түрде ашылып, қазіргі атауына ие болды.  Мекеменің екінші атауы – Португалиялық корольдік оқу залы.  Кітапхана оқырмандарының басым бөлігі португал тілінің жақтастары мен қолданушылары болып табылады. Мұнда португал тіліндегі кітаптардың ең үлкен жинағы сақтаулы. Кітапхананың ішкі көрінісі де келушілерді бей-жай қалдырмасы анық. Себебі ғимарат залы шіркеуге ұқсайтындықтан Бразилияның ең әзіз, әрі танымал көрнекі жерлерінің қатарына жатқызылады.

Штутгардтың қалалық кітапханасы

Штутгардағы   9-қабатты кітапхананы таппау әсте мүмкін емес. Себебі оның ғимараты күндіз-түні жарқырап тұрады. Ал ішкі интерьері бірыңғай ақ түсті.

Копенгагендегі корольдік кітапхана

Копенгагендегі кітапханада бірегей атмосфера қалыптасқан және бұл кітапхананың өзге кітапханаларға қарағандағы басты ерекшелігі болып табылады. Ғимараттың алды – мәрмәр түстес, ал бұрыштары – үшкір. Жазғы мезгілде студенттер мен келушілер кітапхана алдында сейіл құрып, кітап оқиды. Мұнда сондай-ақ фотосуреттердің Ұлттық музейі де бар.

 

Дайындаған Үміт Жұмаділова

2558 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз