Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қараша, 2019

Бас қалада «Теңге тәуелсіздік символы» атты көрме өтіп жатыр

Елордада ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне арналған «Теңге тәуелсіздік символы» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара осы жылдың 12-15 қараша күндері 10:00-18:00 аралығында Қалдаякова көшесі, 13 мекенжайында өтіп жатыр.

Көрменің мақсаты – архивте сақталған құжаттар негізінде елорда тұрғындары мен қонақтарын қазақстандық банктер институтының тарихымен және даму кезеңдерімен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның символының бірі – теңгенің пайда болу тарихын зерттеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту.

Көрмеде жұрт назарына 1923-1937 жылдардағы мемлекеттік жинақ кассасының жұмысына қатысты архивтік материалдар, ұлттық валютаны қолданысқа енгізу, алғашқы банкноттардың, монеталардың дизайнын әзірлеу және өткен 26 жылда теңгенің өзі қалай өзгергені туралы архивтік материалдар қойылды.

Сонымен қатар, нумизмат-антиквар – Рашит Абдразаков пен Арсен Сексенбаевтың жеке коллекциясынан небильзер мен күмістен жасалған монеталардың бірегей коллекциясы, банкноттар мен экспонаттар, алтыннан жасалған кәдесый мерейтойлық банкноттар, 1898 жылғы сирек патша бондары, 1909 жылғы Коншиннің қолы қойылған Мемлекеттік кредиттік билеттер ұсынылды. Көрмені Нұр-Сұлтан қаласының «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының» қолдауымен «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ, банк өкілдері, Қазақстандық валютаның дамуы мен эволюциясына арналған бірегей материалдар топтамасын ұсынған, белгілі коллекционерлер Рашит Абдразаков пен Арсен Сексенбаев бірлесіп ұйымдастырып жатыр.

1267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз