Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Желтоқсан, 2019

Ақордада еліміздің Мемлекеттік туы көтерілді

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай жоспарланған мерекелік шаралар дәстүр бойынша Ақордада басталды. Президенттің бас резиденциясында еліміздің Мемлекеттік туы көтерілді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады. Қаруы сайланған, сымдай тартылған сарбаздар биыл да сап түзеді. Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» президенттік полкінің Құрмет қарауыл ротасы көк байрақты Ақорданың алдына алып келді. Команда берілген соң Қазақстанның Мемлекеттік туы көтеріліп, Гимн шырқалды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген.    

758 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз