Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 04 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Өзбекстанға 10 мың тонна битум экспорттады

50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі «CASPI BITUM» БК ЖШС Өзбекстан Республикасына битумды экспорттай бастады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Қараша айындағы экспорттың көлемі 10 000 тоннаны құрады. Еске сала кетейік, жол битумының алғашқы экспорты Өзбекстанға 2017 жылы 650 тонна көлемінде жөнелтілген болатын. Енді ішкі нарықтың сұранысы толығымен өтелгеннен кейін, зауыттан өнімді экспортқа шығару тұрақты негізде жүргізілуде. Бұрын кәсіпорын қысқы уақытқа жұмысын тоқтататын болса, қазір өнімге деген шетелдегі жоғары сұранысқа байланысты зауыт жыл бойына үздіксіз жұмыс істейді. Бұл битумның жоғары қосылған құнын ескергенде, кәсіпорын кірісіне едәуір ықпал етеді.

1388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз