Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Желтоқсан, 2019

«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Қарақия ауданы әкімдігінің ғимаратында "Қарақия – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында қолға алынған бастаманың бірі жан-жақты қолдау тапты.

Кеңсенің ашылуына аймақ басшысының орынбасары Қаныбек Жұмашев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков, "Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев қатысты.

Әкімдіктің акт залында өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан негізгі басым бағыттар туралы айтылды. Әсіресе өңірде қоғамның жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыруға арналған шаралардың санына емес сапасына көбірек көңіл бөлу қажеттігі сөз болды.

Әсіресе сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыруда әрбір аудан тұрғыны өз үлесін қосуға шақырды. Бұдан былай азаматтар өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік орган өкілдерінің қабылдауда болып, өздерінің ұсыныстарын және шешімін таппаған проблемаларын ашық жеткізе алады. Осылайша қоғам алдында мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын көрсету және халық пен биліктің байланысын нығайтуға мүмкіндігі қазыналы Қарақия ауданында да ұйымдастырылды. Тұрмыстық жемқорлықты жою және кең ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылатын бастама ендігі жерде Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Мұнайлы және Маңғыстау ауданында жалғасын таппақ.

Шара барысында Қаныбек Жұмашев, Серік Қаныбеков, Дайрабай Үсіпбаев және аудан әкімі Қыдырберді Беков аудан тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Айтылған ұсыныстар мен арыздар бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.

 

1319 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз