Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Желтоқсан, 2019

"ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ" ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Жеті рухани қазық" облыстық форумы болып өтті, - деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі Елордада өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау, имамдардың біліктілігін арттыру, дінаралық татулық пен толеранттылықты қолдау және дін мәселесіне қатысты қақтығыстардың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттағы жұмыстарға талдау-талқылау жүргізу мақсатындағы жиынға келген имамдар өзара тәжірибе алмасып, оңды пікірлерін ортаға салды. Шараны Қоғамдық даму басқарма басшысының орыбасары Қайрат Әбуов ашып, жүргізіп отырды. "Қоғамның тұрақтылығын сақтап, діни қақтығыстарың алдын алуда мұндай басқосулардың маңызы зор",-деген Қайрат Базарбекұлы қатысушыларға арнайы алғысын білдірді. Облыстық форумның арнайы қонақтары ҚМБД төрағасының орынбасары, наиб муфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, белгілі исламтанушы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әміре Ерсін Бекайдарұлы, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы – Ақтамберды Мұсабек шараның мақсатына сай маңызды мәселелерді қозғап, ой бөлісті. Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалалардың бас имамдары қатысқан форумның жұмысы нақты мақсаттар мен міндеттемелерді айқындаумен ерекшеленді. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

401 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ТҮЛКІБАСТА АНАЛАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Келесі мақала ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *