Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Желтоқсан, 2019

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Облыс әкімдігінің бастамасымен сала мамандары Түркістан қаласындағы "Шапағат", "Дастархан", "Дастан", "Береке", "Бәйтерек", "Жібек жолы" сауда үйлерінде және "Қуаныш", "Алтын бұлақ" базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлады Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты.
Шараның мақсаты – халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз