Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қаңтар, 2020

Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады

Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында сәрсенбі күні құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсірген. Иранның Қорғаныс Күштерінің Бас штабы өкілдерінің айтуынша, ұшақ апаты Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылағаннан кейін бірнеше сағаттан соң болды. Ал АҚШ базаларына шабуылдан соң оған қарымта жауап болуы мүмкін еді. Осыған қарай сәрсенбі күні әуеде АҚШ ұшақтарының саны көбейген. «Бұл жағдай өз кезегінде әуе қорғанысы күштерінің алаңдаушылығын тудырды. Адам қателігінің салдарынан, аталған ұшақ атып түсіріліп, шетел азаматтары мерт болды. Бұл әрине, өкінішті»,-делінген Бас штабтың хабарламасында. Мәлімдемеде сонымен қатар ұшақтың Ислам революциясы күзет корпусының маңызды әскери нысандарының біріне жақын жерде болғаны және ұшақтың ара қашықтығы да жау нысанын елестеткені айтылған. Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы хабарланды. Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады. Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды. Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады. Дереккөз: inform.kz

666 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мемлекет басшысы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты
Келесі мақала Қапшағайдың мұзды жағалауы

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *