Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Наурыз, 2020

ҚХЛ плей-офф кезеңіне байланысты шешім қабылдайды

Құрлықтық Хоккей Лигасы коронавирусқа байланысты "Гагарин Кубогы" жолындағы жарысты кейінге шегеруі мүмкін. Жарыс тағдыры 17 наурызда өтетін жиында талқыға түседі. Мамандардың болжамы бойынша, ойындар кемінде 2 аптаға шегеріледі. Бүгін Финляндия үкіметінің кеңесіне құлақ асқан "Йокерит" командасы, коронавирустың таралуына байланысты плей-офф кезеңінде жарыс жолына шығудан бас тартты. Елордалық "Барыс" командасының құрлықтық хоккей лигасы аясындағы ресейлік "Сибирь" хоккейшілеріне қарсы  қос кездесуі көрермендерсіз өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда елдегі соңғы жағдайларға байланысты, бұл ойындар да кейінге шегерілуі ықтимал. Бексұлтан Нұрланұлы

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз