Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Наурыз, 2020

Алматыда коронавирустық инфекция ошағының барлық аумақтары бақылауға алынды

Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында COVID-2019 ошақтары аумағында қала тұрғындарының қозғалуына шектеу енгізілді. Бұл туралы Алматы шаһар əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бүгінгі күні Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 22 оқиғасы зертханамен расталды. Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды, байланыста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылды. Қалада инфекцияның 10 ошағы анықталды, олардың аумағында 2 жеке және 8 көппәтерлі үйлер орналасқан: – Алтай-1 ш.а., 8; – Жасқанат ш.а., 86; – Еңлікгүл, 34 А; – Зенков, 59; – Достық, 162; – Гоголь, 75; – Сары - ой, 234; – Жароков, 16; – Желтоқсан, 125; – Байтұрсынов, 78/1. Барлық ошақтарда коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар жүргізілуде. Медицина қызметкерлері инфекция ошағында орналасқан барлық тұлғалардың жағдайына мониторинг жүргізуде. Кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейте отырып, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Жалпы алғанда, қазір қаланың провизорлық госпитальдарында 696 адам карантинде жатса, үй карантинінде 1108 адам бар. Сұрақтар бойынша 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласыңыз. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін 382-33-50 нөміріне хабарлау керек. Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат жедел түрде Telegram арнасындағы stopcov Almaty және Darmen мобильді қосымшасына салынады.

733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз