Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Наурыз, 2020

Ақмола облысында коронавирусқа қарсы күрес күшейтілді

Ақмола облысының аумағында жаңа коронавирустық инфекция (COVID-2019) таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы қаулы шығарылды. Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина қол қойған қаулыда меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мен жеке кәсіпкерлер облыс аумағындағы шипажайлық-курорттық объектілерді (жыл бойы және маусымдық емдеу-сауықтыру шипажайларды, оның ішінде балалар шипажайларын, курорттарды, пансионаттарды, демалыс үйлерді, қонақ үйлерді, мотелдерді, демалыс зонасын) жабу, қалалар мен аудандар әкімдері шипажайлық-курорттық объектілердің қызметін тоқтата тұру бойынша талаптардың сақталуын бақылау талаптары жазылған. Сондай-ақ, Ақмола облыстық полиция департаменті төтенше жағдай режимін бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауды қамтамасыз ететіні жазылған. inform.kz 

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз